23 ақпанда жергілікті тұрғын Лисаков қаласының полиция бөліміне жүгініп, ағасын төрт ай бойы көрмегенін айтқан. Жәнеқайда екені белгісіз деген. Жедел-тергеу тобы тұрғылықты жерді іздестіру барысында зорлық белгілері бар 50 жастағы ер адамның мәйітін тапты Марқұмның 51 жастағы әйелі күдікті ретінде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті психиатриялық ауруханада. ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша "Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.