Қостанай облысында 25 - наурыздан бастап тілсіз жаумен арпалысу әлі күнге дейін жалғасуда. Өңірдің оңтүстік төңірегінде ең жоғары қауіп Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарында болды. Қазір Қостанай қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланған. Себебі, Тобыл өзені көтерілді. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ алаңында мәлімдеді.Оның айтуынша, өңірде әлі күнге дейін адамдарды құтқару және де Тобыл өзені маңайындағы халық тұратын жерлерде эвакуациялық жұмыстар жалғасуда. Барлығы 4 мыңнан астам адам құтқарылды. «Жалпы жеке құрам және волонтер, өзіміздің полиция департаменті, сырттан келген Қызылорда Қарағанды әскери қызметкерлер саны 2 мыңнан астам адам қызмет жасауда. 72 теxника қызмет жасауда және де бүгінгі Қостанай облысы бойынша жағдай, Қостанай қаласы бойынша жалпы жағдай тұрақты күрделі деп айтуға болады. Қостанай облысы бойынша республикалық штаб жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай министрі Аринов Чингис мырза осы Қостанай қаласында осы жалпы тұтас жағдайды өзі қадағалап осы жерде басқарып отыр. Халыққа айтарымыз, кез келген суға қауіпті болып тұрған үйлерді, xалықтың қандай бір кез келген басына түскен ауыртпалықты 112 телефонына xабарлассаңыз, біздің колл-орталқтарына хабарлассаңыз болады»,-деді спикер.