Қостанай облысы Қарасу ауданына қарасты ауылда топырақ опырылып, шұңқыр пайда болды.Оны тұрғындар видеоға түсіріп, кадрларды "Наша газета" редакциясына жіберген.Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсерден пайда болғанын растады:"Ауыл шаруашылығы алқаптарында 2023 жылдың күзінен бастап жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ ағыстың тасуы салдарынан көлемі 3х4 метр, тереңдігі 10 м-ге дейін шұңқыр пайда болды. Оған қоса, жер асты суларының деңгейі көтерілді. Осыған байланысты жердің шөгуі орын алды",- деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.