Қостанай – Сарыкөл тас жолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, депді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.