Қостанай – Әулиекөл тасжолында болған апаттан жүкті әйел қайтыс болды. Жол апатынан отағасы мен төрт бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды деп хабарлады Azattyq Ruhy.Qostanai.media жазуынша, қайғылы оқиға 29 қазанда Талапкер мен Айсары ауылдарының арасында болған. «Екі көлік соқтығысып, соның салдарынан төрт баланың анасы – жүкті әйел оқиға орнында қаза болды» - делінген хабарламада. Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме бергендей, оқиғаға жүргізушілердің бірінің жол ережесін білмеуі себеп болған. «Атап айтқанда, «Минивен» жүргізушісі жол белгілері мен жол қозғалысы талаптарын елемей, сонымен қатар көз жеткізбестен маневр жасап, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп көпбалалы отбасы отырған «Лада Калина» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «Лада Калинаның» жүргізушісі аман қалды. Төрт бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Минивэн жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ПД өкілдері.