Қостанай облысында Торғай-Шилі-Аралкөл тас жолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жолдың 108-шақырымын су басқан. Ең жақын елді мекен 15 шақырым жерде, мұнда жылыту пункті де бар.Су шайған тасжолда полиция мен құтқарушылар кезекшілік етіп жатыр. Жедел ақпаратқа сәйкес, көлік кептелісі байқалмайды, сондай-ақ елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.