Қостанай облысында қарамағындағы қызметкерін соққыға жыққан подполковник қызметтен қуылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының Қостанайлық тобымен басшылық қызметте болған Қостанай гарнизонының "подполковник" шеніндегі "Д" әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Басшылылық лауазымында қызмет атқару барысында "Д" әскери қызметші тікелей бастығының және басқа да қызметкерлердің көзінше қарамағындағы "А" қызметкерін ұрып-соғып, сол арқылы жәбірленуші "А-ға" көптеген дене жарақаттарын келтіріп, өз өкілеттілігін асыра пайдаланған.Осылайша, Ақмола гарнизонының Әскери соты 2024 жылғы 23 мамырда әскери қызметші "Д"-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. "Бұл қылмысты әскери-тергеу басқармасы мен Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасы әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында әшкереледі. Зардап шеккен әскери қызметшінің бастығы "Д" бұл фактіні жасырып, сондай-ақ әскери қызметші "А" -ны көзден таса ұстауға тырысқан. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес шағымды қарау аясында бастық қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков. 2024 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның Қорғаныс министрлігі (ҚМ) әскери билеттер цифрлық форматқа көшірілгенін хабарлады. Басқарма жұмысқа орналасу немесе оқу орнына түсу кезінде құжаттың түпнұсқасын ұсыну талабының жойылғанын баса айтты.