Қостанай облысында қарақшылық жасаған күдікті ұсталды. Ол металл қабылдау пунктерінің бірінде адамдарды қарумен қорқытып, 792 мың теңгені алып кеткен. Күдіктіні іздестіру үшін полицейлер арнайы жоспар құрып, автокөліктерді тоқтатып тексерді. Қару кезенген қарақшы Рудный қаласында ұсталды. Тапанша мен ақша тәркіленді. Қару бойынша сараптама тағайындалды, дейді департаменті өкілдері. Карина БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Ауыр қылмыс жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.