Қостанай облысында минивэн екі жүк көлігімен соқтығысып, 2 адам қаза тапты

Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолында жеңіл көлік екі жүк машинасымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Оқиға 6 маусым күні сағат 11:00 шамасында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Alphard автокөлігінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болған, оның үшеуі жүргізушінің кәмелетке толмаған балалары. Көлік иесі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Онда Көкшетау қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысқан. Одан әрі минивэн Атбасар қаласының тұрғыны тізгіндеген DAF жүк көлігімен бетпе-бет соғылған. «Апат салдарынан Toyota автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қаза болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алаяқтық жасады деп айыптаған: Атырауда мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Алматыда полицей пышақ жарақатынан қаза тапты
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды