"Қостанай облысында өнеркәсіп көлемі 2 трлн теңгеден асты" - Құмар Ақсақалов

Қостанай облысында жыл басынан бері 75 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Оның 9 мыңнан астамы шетелдерге экспортталған. Республикада өндірілген автокөліктердің 61 пайызы облыс еншісінде. Алдағы уақытта аймақта жылдық қуаты 30 мың дана көлік құрастыруға қаблетті жоба жүзеге асады. Құны 23 млрд теңгені құрайтын жаңа жоба 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қостанай - астыққа бай өлке. Алайда биыл ауыл шаруашылығы үшін ең қолайсыз жыл болды. Диқандардың астықты молынан жинау жоспарына ауа райының күрт өзгеруі кедергі келтірді. Құмар АҚСАҚАЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осыған қарамастан мемлекеттік қолдау шаралары арқасында келесі жылға егіс жұмыстарына қажетті қор жиналды. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына қомақты бюджет қаражаты бөлінді. Салаға 11 процент өсіммен 84 млрд теңге инвестиция тартылды. Өзге салаларда да қарқынды даму бар. 2024 жылы Арқалық қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сай мектеп пайдалануға беріледі. 2025 жылға дейін аймақта 9 жаңа мектеп ашылады. Жыл басынан бері облысқа өзге өңірлерден 84 медициналық маман қоныс аударған. Оның ішінде 80 дәрігерге облыс бюджетінен 345 млн теңге көтерме ақы төленген. Сонымен қатар 59 дәрігерге баспана берілді. Ал 46 дәрігерге жалдамалы баспана ұсынылды. Сондай-ақ өңірдің өңдеу өнеркәсібі де біршама алға жылжыған. Облыс әкімінің айтуынша, аймақта өнеркәсіп көлемі 2 трлн теңгеден асты. Құмар АҚСАҚАЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Айтарлықтай өсім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 16,1 процент. Оның ішінде машина жасау өндірісі 33,9 процент. Тамақ өнімдері 10-да жарым процент. Және сусын өндірісін 5,5 процентке ұлғайту есебіне қамтамасыз етілді. Қазір аймақта жылына 40 тонна саумал ұнтағын шығаратын ферма жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын толық іске қосылғанда мың адамды жұмыспен қамтиды. Осы ферманың арқасында өңірде бұрын-соңды болмаған өнім пайда болған. Мамандардың айтуынша, саумал ұнтағының ең басты қасиеті – қанша уақыт сақтаса да емдік қасиетін жоғалтпайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық боксшы 2 жылға спорттан шеттетілді
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Футбол: "Астана" "Челси"-ге есе жіберді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматы орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай