Қостанай облысында өзеннен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kzОқиға Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған. Бұл туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.28 мамырда сағат 20:20-да Тобыл өзеніндегі Валерьяновка ауылының маңынан әйел өлі табылды."Куәгерлердің күшімен 1963 жылы туған әйелдің денесі судан шығарылды", - делінген Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.