Қостанай облысы Денисов аудандық полиция бөлімінің экс-бастығы Ербол Шошақов 8 жылға сотталды. Жергілікті кәсіпорын басшыларын бопсалау арқылы пара алған полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Бейбітхан Байтақов пен патрульдік-бекет аға инспекторы Әмір Өтегенов те жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Экс-шенділер серіктестік жүргізушілері мен механизаторларын әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 30 тонна бидай талап еткен. Және астықты 3 миллион теңгеге өткізген көрінеді. Зәуре ЕДИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Сот үкімімен полиция бөлімінің басшысына 8 жыл, қалған екеуіне 7 жыл бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.Мемлекеттік қызметте қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды. Сотталғандар арнайы шендерінен айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.