24 ақпан күні күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен.Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ автокөліктер тексерілді. "Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды", – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.Күдікті қамауға алынды. Оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ПД жол қозғалысының жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны үшін халыққа алғысын білдірді.