Қостанай облысында судан зардап шеккендер баспаналы болды

Қостанай ауданында тасқын судан 94 отбасының үйі апатты жағдайда деп танылған болатын. Соның бүгінде 74-і баспаналы болды. Қалғандарына берілетін жаңа үйдің құрылысы жүріп жатыр. Өз қалауы бойынша жеке үйге көшкендері де бар,-деп хабарлайды 24.kz. Алтынсарин ауылында тұратын Александр мен Юлия Мичуровтардың тасқыннан кейінгі бұрынғы үйінің сұрқы осындай. Іске татиды, жарамды деген заттарын жинастырып, жаңа баспанаға көшкелі жатыр. Оларға тұрғын үй мәселесін шешудің үш жолы ұсынылған. Қаладан пәтер не ауылдан үй алу немесе жаңа баспана салу. Мичуровтар соның екіншісін таңдап, ауылдан дайын үй алғанды жөн көріпті. Юлия Мичурова, Алтынсарин ауылының тұрғыны: - Жаңа қоныс өте ұнайды. Шындығын айтсақ, біз үшін ұтымды болды. Жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы алдық. Одан кейін дүние-мүлік шығыны төленді. Енді міне баспана алып жатырмыз.Бұл үйдің ауданы бұрыңғыдан екі есе үлкен. Жайлы, дәретхана, жуынатын бөлмесі бар, газ тартылған. Отағасы бірден қолына күрек алып, бақшасын қамдауға кіріскен. Осындай кең жерге қол жеткізе алмай жүр едім, жақсы болды-дейді ол. Александр Мичуров, Алтынсарин ауылының тұрғыны: - Бұл жердің учаскесі бұрыңғыдан үш есе үлкен. Картоп, көкеніс егеміз. Монша, гараж сияқты қосалқы құрылыстар бар. Қиын кезде жеке қалдырмай, көмек-қолдау көрсеткен баршаға рақмет айтқым келеді. Тұрмыс жағдайымыз біршама түзеліп қалды. Жаңа қонысқа көшкенге әсіресе балалар мәз-мейрам. Бал-бұл жайнаған жүздерінен мұндағы жағдайға көңілдері толатындығын анық аңғарасың. Матвей Мичуров, Алтынсарин ауылының тұрғыны: - Маған ұнайды. Ойнайтын орын көп. Жаппа күрке бар. Бұрыңғы үйде мұндай ештеңе болған жоқ. Ал мына жерде қалай жүгіріп, не ойнасаң да өз еркің. Өңірде тасқыннан кейін 462 үй тұруға жарамсыз деп танылған. Сол зардап шеккендердің 148-і жаңа үй салып беруін қалаған. Қазіргі кезде Аманкелді, Жангелдин және Қостанай аудандарында жеке баспана құрылысы жүріп жатыр. Ал қалғандарына Арқалық, Қостанай қалаларынан пәтер сатып алынады. Оның бәрі ірі бизнес, қоғамдық қор және республикалық бюджет есебінен жүзеге асады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады