Қостанай облысында ер адам өлі табылды. Оны саңырауқұлақ терушілер тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz.Қостанай облысы ПД мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамның денесі Федоров ауданы, Костычевка ауылынан 6 шақырым жерде табылған.Ер адам 7 шілдеде үйінен шығып кеткен. Осы факт бойынша полицейлер іздеу жариялаған. Ер адамды саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан тауып алған.Қазіргі уақытта соталды тергеу аясында сараптамалар тағайындалғаны айтылды.