Тобыл өңірінде де тасқынның беті қайтпай тұр. Қарасу ауданы мен маңайындағы бірнеше елдімекенде қауіп жоғары. Қарасу ауданына қарасты Қарамырза ауылындағы 35 үй қарғын су құрсауында қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл ауылды соңғы алты жылда 4 рет су басқан.Азамат ОРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аудан орталығын және маңайындағы елдімекендерді су басу қаупі бар. Өйткені өзеннің су деңгейі көтеріліп жатыр. Жіті бақылап отырмыз. Аймақ басшысы жыл сайын тасқыннан зардап шегетін ауыл тұрғындарына тиісті көмек көрсетілетінін айтты. Қаржылай қолдаудан бөлек оларды жаңа баспанамен қамту мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді. Бұл іске аудандағы ірі кәсіпорындар атсалыспақ. Жаңа үйлердің қашан және қай жерде бой көтеретіні әзірге белгісіз. Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Сіздерге көмектесу мехнизімін қарастырамыз. Оған мемлекет, кәсіпорын және тұрғындар қатысуы қажет. Сондықтан оңтайлы шешім қабылдауға дайын болыңыздар.