Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбаға зәру

Ал Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбаға зәру. Ал бірінші топтағы мүгедектерге берілетін арбаның сапасы нашар. Жеті жылға шыдамайды. Қамкөңіл жандардың түйткілін шешуге "АМАNАТ" партиясы атсалысуда. Юлия Прокопьева оңалту орталығында жұмыс істейді. Қызметкер күнделікті қолданыстағы қоларбаның сапасы сын көтермейтінін айтады. Орталыққа келетін өзге де жандар арбаның азабын тартып жүрген көрінеді. Юлия ПРОКОПЬЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Күн сайын алтыншы қабаттан түсемін.Қоларба маған өте қажет.Менде екеуі бар.Біреуімен жұмысқа, далаға серуендеуге шығам.Екіншісін үйде қолданамын. Екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін арба берілмейді.Тек қоғамдық қабылдауға жүгіну арқылы қоларбаға қол жеткіздім,дейді Валентина Хасенова. Валентина ХАСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Тек балдақ берді.Екінші аяғым ауырады.Баса алмаймын. Жақсы болды. Ешкімге жалынбаймын.Өзім барып,өзім жүремін. Міне емханаға келдім. Тобыл өңірінде 27 мыңнан астам адамның мүгедектігі бар.Оның 1800-і арбаға таңылған.Оларға бөлмеге арналған арба 7 жылға, серуендеуге арналғаны 4 жылға беріледі. Аруна ЖАҚСЫҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Жеті жылға беріледі.Ол жеті жылға шыдамайды.Сапасы да төмен болады.Арбада жүрген адам ғана түсінеді.Бір жері сынып қалса жұмыс түгілі үйде де тамағыңды алып іше алмай қаласың. "АМАNАТ" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында құны қымбат 5 қоларба берілген. Ал аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық құралмен және оңалту қызметімен қамтамасыз етуге былтыр қазынадан 9,5 миллиард теңге бөлінді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түрмеде отырған Данат Намазбаевтың анасы өмірден өтті: қоғам белсенділері билікке талап қойды
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшарт жасасты
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Тұман, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қостанай облысында боранды түнде 170-тен аса ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
«Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
«Менің қуанышым»: Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Алматыда танысу сайттары арқылы тақырға отырғызатын күдіктілер ұсталды
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды