Қостанай облысындағы Шукуровтар отбасы 36 бала асырап отыр

Балалы үй - базар. Қостанай облысында бір отбасында 36 бала тәрбиеленіп жатыр. Ерлі –зайыпты Шукуровтар соңғы бес жылда балалар үйінен 33 бүлдіршін асырап алған. Көп балалы шаңырақтың тыныс-тіршілігін тілшіміз Заңғар Санай жеткізеді.Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Қалалық білім бөлімі келтірген ақпарға жүгінсек Лисаков тұрғындары 80 бала асырап алған. Соның 33-і осы Шукуровтар отбасында тұрып жатыр. Рустам Шукуров пен Муззама Мансурова көпбалалы отбасында өскен. Өздері де балының көп болуын армандапты. Алты сәбиінің үшеуі шетінеп кеткен соң, балалар үйіне барып 7 бала асырап алған. Кейін тағы 26 сәбиді бауырға басқан. Рустам ШУКУРОВ, ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жасыратыны жоқ. Басында сәл қиналдық.Тәжірибе болмады. Кейін ақырындап үйреніп алдық. Құдай қаласа тағы бала асырап алғымыз келеді. Енді 20 бала бағуға қарсы емеспіз. Татар, орыс, украин, қазақ, сыған балалары тату-тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. Үйдің үлкендері іні-қарындастарына қарайласып, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Өкпелетсе өштеспейді. Дереу татуласады. Берекелі ұядан түлеп ұшқандар да бауырлары мен ата-анасына жиі келіп тұрады. Евдокия НОМОКОНОВА,СТУДЕНТ: Бір-бірімізді түсінеміз. Ренжісіп қалсақ та тез татуласамыз. Көмектемесіз. Ата-анамыз өте жақсы кісілер. Жиі отбасылық жиын, мерекелік шаралар ұйымдастырып тұрады. Кәдімгі өз үйімізде жүргендей алаңсыз өмір сүріп жатырмыз. Володя КРАВЧЕНКО,ОҚУШЫ: Осы отбасы маған қатты ұнайды. Бауырларымның бәрі жақсы. Ата-анам тіпті керемет жандар. Қалаған тамағымызды жейміз. Ұйқымызды қандырамыз. Ойынды да қатырамыз. Шукуровтардың баспанасы 500 шаршы метрден асады. Алдағы уақытта бірнеше үлкен үй салуды жоспарлап отыр. Көпбалалы шаңырақтың шағын шаруашылығы бар. Бау-бақшада өсірілген өз өнімдерін тұтынады. Күн сайын отбасыға 30 бөлке нан керек. Балалардың қарны тоқ. Киімі көк. Ешкімге қол жайып көмек сұраған емес.Тіпті «Мектепке жол» акциясынан да бас тартып келеді ,- дейді білім бөлімінің мамандары. Вера СОКОЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 23 баласы мектепте оқиды. Тағы төртеуі студент. Біреуі университетте, үшеуі колледжде оқып жатыр. Бұл отбасы балалардың оқуына ерекше көңіл бөледі. Мейірімді Музамма мен қайырымды Рустам тәрбиелеген 8 студент қазір әр қалада білім алып жүр. Ата-анасы оларға баспана жалдауға ақша беріп, азық-түлікпен көмектесіп отырады. Ал үйдің кенжесі Азиза алты жаста. Ол берекелі отбасыға 11 айлығында келген. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді