Қостанай тұрғындары қалың қардан көктемде қауіп төнеді деп дабыл қағып жатыр

Қалың қардан қауіп бар.Қостанай тұрғындары дабыл қағуда. Көпшілік көктемде үйімізді су басады деп алаңдаулы. Ал жергілікті билік өкілдері күн жылынғанға дейін ақ ұлпаны тазалаймыз деп отыр.Шаһар шетіндегі қар басқан шағын аудан түрғындарының шағымын тілшіміз Заңғар Санай жеткізеді. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Тау болып үйілген қалың қарды тазартып жүрген жұмысшылар мен техника байқалмайды. Бұл аумаққа жауапты коммуналдық кәсіпорын түнде ғана жұмыс істейді деп сендірді әкімдік өкілдері. Ал көпшілік болса көктемде үйімізді су басады деп дабыл қағып жатыр. Қостанай-2 шағын ауданын елу жылдан бері мекендейтін Николай Швыченко ауласын ақ ұлпадан аршып әлек. Қария күн жылынғанға дейін қалың қарды сыртқа шығаруым керек дейді.Әйтпесе көктемде үйін су басады. Николай ШВЫЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қар өте көп түсті.Келесі аптадан бастап көшені тазартамыз деген.Енді міне ауланың маңайын аршып жатыр.Трактор жақынырақ келсін деген оймен. Коммуналдық кәсіпорын жұмысы мардымсыз.Былтыр көшедегі қарды екі-үш рет аршыса,биыл әлі сыртқа тасыған жоқ.Тіпті жаяу жүргіншілер соқпағы қар астында жатыр.Сондықтан тұрғындар көлікпен жарысып жүруге мәжбүр.Жығылғанға жұдырық демекші қаладан шыққан қарды біздің жаққа әкеп төгіп жатқаны тағы бар дейді көпшілік. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -Көктем сайын бұл маңдағы әр үйдің жертөлесі суға толады.Ал мына қарды тазартпаса жағдай тіпті қиындай түседі.Жаяу жүргіншілер жолын қар басып жатыр.Менің үш балам бар.Солар үшін алаңдап отырамын.Өйткені олар көлік жолымен жүруге мәжбүр. -Суағар салған.Соған қарамастан көктемде бұл маң көл боп кетеді.Бақа қаптайды.Жағымсыз иіс шығып тұрады. Қалалық тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ деп сендірді.Наурыз айының соңына дейін қалың қарды түгел шаһар шетіне шығарамыз деп отыр. Алтынбек ҚАЙРАТҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Он күннің ішінде қалған көшелерді қардан тазартылады.Наурыз айында тағы шығаруға ойымыз бар.Бұл жыл сайын,ы жұмыс.Су тасқыны болады,үйлерді су басады деген қауіп жоқ.Оған дейін қарды шығарып үлгереміз. Биыл Тобыл өңірінде қар қалың .Тіпті былтырғымен салыстырғанда екі есе қалың түскен. Қостанайдағы коммуналдық мекемелер бұған дейін 400 мың текше метр қар қала сыртына шығарылған.Тағы да тасып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ІІМ былтыр хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады
Жетісу облысында түні бойы жоғалған адамды іздеп, тауып алды
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Жетісу облысында жоғалған адам табылды
Жаңа жылдық рейд барысында заңсыз ағаш кескендер анықталды
«Әкемді құшақтап, тоқтамай жыладым»: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды
10 жастағы қазақстандық оқушы дүниежүзілік Олимпиадада алтын иеленді
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Жаңа жылдағы шырша саудасы: 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынған
14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза болды
Кәрім Талғатұлы оқушылар арасындағы дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді