Қостанайда Кіа зауытының құрылысы қарқын алды.Күзге дейін инженерлік-коммуникациялық жүйені өткізу жұмыстары аяқталады. Ал межелі жоспар бойынша мега жоба келесі жылы іске қосылу керек.Аймаққа арнайы сапармен келген Kia Corporation президенті Хо Сун Сон құрылыс барысымен танысты. Бүгінде құрылыс алаңындағы жұмыс қызу жүріп жатыр.Жетпіс гектар жерде өндіріс цехтарының іргетасы қаланып, қаңқасы көтеріле бастаған. Автозауыт аумағын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым игіліктерімен қамтамасыз ету шаралары да жүйелі жүзеге асады. Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Тас жол, темір жол салынып, электр, газ, кәріз желісі өткізіледі. Осы маусымның 15-де жобаның сараптама қорытындысы шығарылады. Содан кейін бірден кірісеміз. Екі- үш ауысымда жұмыс істеліп, күздің қара суығына дейін жылу қосылады. Әлемге әйгілі бренд Қазақстанға нық қадам жасап отыр.Ал Қостанай облысы географиялық тұрғыдан Орталық Азия мен ТМД елдерінде автомобиль бизнесін дамытуға өте қолайлы, дейді КIA corporation президенті.Жаңа зауыт іске қосылған соң жылына 70 мың автокөлік шығаратын болады. ХО СУН СОН, КIA CORPORATION ПРЕЗИДЕНТІ: Біз жоғары сапалы зауыт салатынымызға кепілдік беремін. Кәсіпорын табысты болу үшін, жан-жақтан қосалқы өніммен жабдықтаушыларды шақырамыз. Бұл істе сіздердің де көмектеріңіз керек. Егер барлық процессті бірігіп басқаратын болсақ, үлкен жетістікке жетеріміз анық. Сырттан келген инвестор ірі жобаға 90 миллиард тенге қаржы жұмсағалы отыр.Тікелей инвестицияның еліміз үшін тиімділігі де зор-дейді экономика саласының сарапшылары. Сансызбай ЖИЕНТАЕВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Бізге негізінде жанама емес, тікелей инвестиция керек, неге десеңіз сол жалпы халықтың жұмысқа деген қабілетін өзгертеді.Оның үстіне еліміздің өнімін де өзгертеді. Кіа зауыты іске қосылғанда 1500 адам жұмыспен қамтылады.Сондықтан маман дайындау ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Көлік жасаудың 5 бағыты бойынша өңір коллеждері мен жоғары оқу орындарында кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілмек.