Қостанайда 30-дан астам қасақана борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Қостанай облысының прокуратурасы тұрақты жалақысы жоқ 130 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті.Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты қатаң ықпал ету шаралары қабылдануда. Мәселен, 165 адам әкімшілік жазаға тартылды, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталды.«Кешенді шаралар қабылдау 181 баланың алдындағы алимент бойынша берешекті 229,3 млн теңге сомасына өтеуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп хабарлады прокуратура.