Қостанайда «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Азаматтарды қабылдау Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының ғимаратында орналасқан эвакуациялық пунктте ұйымдастырылды.Кеңес беруші мамандардың құрамына Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, Қостанай адвокаттар алқасының адвокаттары Александр Лебедев және Жанар Шопагулова, нотариустар Бауржан Садуев және Бидаш Нұрмакова, Қостанай облысының «Заңгер» заң консультанттары палатасының мүшелері Аида Серикова және Алина Айтова кірді.Өтініш берушілер су тасқынынан бүлінген мүлікке біржолғы көмек көрсету және өтемақы төлеу мәселелері жөнінде кеңес алды.Өкінішке қарай, көптеген өтініш берушілер су астында қалған жылжымайтын мүліктерін заңдастырмаған. Бірқатар түйіткілді мәселенің түйінін шешумен қатар, кәсіби заңгерлер кез келген жағдайда тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдарға материалдық залалды өтеу туралы өтінішпен жүгінуге кеңес берді. Сондай-ақ азаматтарға кез-келген заңгерлік сұрақтар бойынша «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жүгінуге болатынын еске салды.Заңгерлік көмек көрсету мекенжайы: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 111, тел.: 8 771 430 53 04.