Қостанайда азаматтық форум өтті

Қостанайда алғаш рет халықаралық азаматтық форум өтті. Еліміздің және шетелдік сарапшылар «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» тақырыбын талқылады. Келелі кеңес аясында олар өзара пікір алмасып, билік һәм бизнес және қоғам арасындағы байланысты нығайту жөнінде ой толғады.Қазақстанда азаматтық сектордың белсенділігі жыл санап артып келеді. Қостанай облысында соңғы 3 жылда үкіметтік емес ұйымдардың қатары 30 процентке өсіп, бүгінде саны мыңнан асқан. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі де қомақты. Абылайхан КӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл 1 миллиардтан астам теңге сомасын құрап жатыр. Бұл қаражаттың аясында азаматтық қоғамды ынталандыруға бағытталған жобалар қатары жалпы алғанда облыс бойынша 300 жоба жүзеге асырылып жатыр. Астықты аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар қоғамның негізгі жиырма бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Қоғамдық бірлестіктер қызметі сан саланы қамтып отыр. Азаматтық сектор белсенділігі алыстағы ауылдан да байқалады. Ерлан СПАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Жүйелі жұмыстардың арқасында үкіметтік емес ұйымдардың саны ауылдық жерлерде артып келеді. Мысалы, 2018 жылы олардың үлесі небәрі 25%-ті құраса, бүгінде 40%-тен асқан. Азаматтық қоғамның арқалаған жүгі ауыр. Әсіресе халықаралық серіктестікті нығайту жолында үлкен міндет жүктелген. Жиында шетелдік сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдағы түрлі түйткілді шешу жолдарын түсіндірді. Наут Ван ВАУДЕНБЕРГ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз 2 жыл бұрын Қостанайдағы полиция академиясы мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жеке басқа қатысты ақпаратты жариялауды демократиялық негізге келтіру төңірегінде біраз жұмыс істедік. Сол жобамыз сәтті шықты деп ойлаймын. Форумға қатысушылар өзара пікір алмасып, әлеуметтік әріптестік беки түсті. Халықаралық сарапшылармен іскерлік байланыс орнады. https://youtu.be/zFBx099qdPw

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылорда облысында браконьерлерден 30 киіктің еті тәркіленді
Ақтөбедегі қылмыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
2025 жылы Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қай деңгейде сақталады?
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Тоқаев Абу Дабидегі саммитте сөз сөйледі
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін