Қостанайда балалар ауруханасын жөндеу жұмыстары 4 жылға созылып кетті

Қостанайда балалар ауруханасы төңірегіндегі дау тағы ушықты. 4 жылға созылған ғимаратты жөндеу жұмыстарын аяқтауға бір жарым миллиард теңге бөлінбек. Ал бұрынғы мердігер небәрі 300 миллион теңгеге толық бітірем деп құлшынуда. Мердігерге мекеме басшысы неге шүйлікті? Заңғар Санай сабақтайды. Ауруға шалдыққан бүлдіршіндер бұл күні шаһардың әр түкпіріне тарыдай шашылып, бірнеше емхана бұрышын паналап жүр. Ал жөндеуге жабылған балалар ауруханасының есігі қашан айқара ашылатыны белгісіз. Өйткені мердігер мен мемлекеттік мекеменің сотқа жеткен дауы созылып кетті. Ал басқарма басшылығы басқа мердігерге межелі міндет жүктеп, қазынадан тағы қомақты қаражат бергелі отыр. Данияр ЖАНДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Техникалық зерттеулер жөндеу жұмыстарының 50 пайызы орындалғанын көрсетті. 2020 жылы күрделі жөндеу жоба құны 1миллиард 200 миллион теңге болған еді. Кейінгі үш жылда құрылыс матераилдарының құны 3 процентке дейін көтерілді. Сол есепті ескерсек ендігі қаражат көлемі 1,5 миллиард теңгеге шығып тұр. Басқарма басшысының баспасөз жиынына баса көктеп кірген бұрынғы мердігер шенеунікке шүйлігіп, жалған сөйлеп отырсың деп айыптады. Серіктестік басшысы Талғат Хамитов қайта тендер өткізіп, қомақты қаражат бөлу заңсыз дейді. Оның айтуынша сот келісім-шарттың бұзылуын заңсыз деп таныған. Талғат ХАМИТОВ, «ВЕРШИНА» ЖШС БАСШЫСЫ: Күрделі жөндеуді ағымдағы жөндеумен аяқтағыларыңыз келеді. Бұл заңсыз. Ал қазынадан бөлініп жатқан қаражат қомақты. Менің серіктестігім жөндеу жұмыстарын небәрі 300 миллион теңге толық аяқтап беруге дайын екенін ресми мәлімдеймін. Яғни әуелгі бөлінген қаражат көлемімен жұмысты бітіруге болады. 1,5 миллиард теңгеге балабақша салып, қалған қаражатын облыстық балалар ауруханасына жұмсауға болады , дейді мердігер. Қазынадан қайта–қайта қаражат бөлгізу кімге пайдалы екені түсініксіз. Енді мердігер мен мекеме дауы тағы сотта жалғасуы мүмкін. Бұл дегеніңіз ғимараттағы жөндеу жұмыстары биыл да бітпейді деген сөз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
Ақтауда пойыз бен жеңіл көлікке соғысты
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 миллион теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы ма?
Жетісуда адам қағып, мерт қылған жүргізуші қолға түсті
Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
Кимешек киген қандай-ды!
Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады
Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады
Дерек дәйекті болса, даму тұрақты
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
«Қар, жаңбыр, аяз»: Алдағы күндері ел аумағында -27°С-қа дейін суық болады
«Бір ел – бір кітап» оқу мәдениетін қалыптастырады
15 жыл далада қонған адам RIXOS-тан бірақ шықты
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді