Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған. Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді. Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.