Қостанайда бір айдан астам комада жатқан сәби көз жұмды

Қостанайда бір айдан бері комада жатқан сәби көз жұмды. Наркоздан оянбаған күйі қаза тапқан баланың өліміне қатысты тергеу басталды.Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 15 желтоқсан күні 5 балаға анестезиямен жоспарлы урологиялық операция жасалғанын айтады. Одан кейін бесеуінің де қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған көрінеді. Соның бірі комаға түсіп, ес жимаған. Компьютерлік томографиядан өткізгеннен кейін миына сәл қан құйылғаны байқалыпты. Астанадан арнайы мамандар келген. Алайда өкінішке қарай 3 жастағы бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер. Игорь БЕЛОБРЖИЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жағдайы сәл тәуір болса, санитарлық ұшақпен Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық орталығына жеткізу керек деген шешім қабылданды. Өкінішке қарай, оны елордаға жеткізуге жағдайы көтермейтін болды. Сондықтан осында емдеу жалғасты. Балаларға қолданылған препарат әбден тексерілген. Бұған дейін де қолданыста болған. Дәрігерлер дәл сол сұйық дәріден зауал келуі мүмкін емес деп отыр. Оны енді сараптама нәтижесі анықтайды. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады. Бауыржан ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың қайтыс болу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Щучинскте монша өртенді
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды