Қостанайда бірнеше пәтерді тонаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 45 жастағы қылмыскер бір айдың ішінде тұрғын үйге кіру арқылы 5 ұрлық жасады. Ол есіктер мен терезелерді бұзу арқылы ішке кірген.Ол көбіне алтын бұйымдар мен компьютерлік техникаларды алған. Ол облыс орталығында және Тобыл қаласында өз пиғылын іске асырған."Біз оны жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұстадық. Ұстау барысында онда ұрланған ноутбук болған. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жалпы алғанда, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін, - деді Қостанай қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Аскар Мусин.Полиция азаматтардан бейнебақылау камераларын, сондай-ақ күзет дабыл құралдарын орнату арқылы өз мүліктерін сақтау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.