Қостанайда жарық сәулелі, әуенді субұрқақ іске қосылды

Қостанайда жарық сәулелі, әуенді фонтан іске қосылды. Ерекше субұрқақ – шаһардың ажарын ашып, көркін келтіре түсті. Түнгі қалаға өзгеше сән берген ғажайыпты тамашалауға келген халықтың қарасы көп. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Балдырған ҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен осы қалада 17 жыл тұрамын.Бүгін мынау әуенді фонтан ашылып жатыр. Бұл фонтанды қызықтаушылар көп.Бәрі әдемі. Қала жылдан-жылға көркейіп, өсіп жатыр. Жанерке ЕЛЕУСІЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін біз отбасымызбен фонтанның ашылуына келіп отырмыз.Бізде бұрын соңды мұндай әуенді субұрқақ болмаған. Қуаныштымыз. Биыл қаладағы 6 станционарлық субұрқақ қайта жөнделеді. Бұл мақсатқа қазынадан 280 миллион теңге бөлініпті. Ал Қостанай тарихында бұрын - соңды болмаған сәулелі, әуезді фонтанның құрылысына 130 миллион теңге жұмсалған. Құрылымы күрделі субұрқақ компьютер арқылы басқарылады. Көкке өрлеген сулар түрлі әуенмен мың құбылып, айналасына сәуле шашқандай әсер қалдырады. Данияр СӘБИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қала күні қарсаңында тағы екі субұрқақ іске қосылады. Олар университет пен Француз орталығының жанында. Қазіргі кезде ол маңайдың тас төсеніштері жаңартылып, сәнді гүлзарлармен безендіріліп жатыр.Жалпы қаланың орталығы биыл өзгеріп, жаңа кейіпке енді. Жуықта ғана іске қосылған жаяу жүргіншілер субұрқағы да қалалықтардың суретке, жас жеткіншектердің суға шомылатын орнына айналды. Шаһар билігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және қоғамдық тәртіпке бағынуға шақырады. Әсіресе, кішкентай балалардың ата-анасы сақ болғаны абзал.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дэвис кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
ІІО арнайы күштерінің жауынгерлері UAE SWAT Challenge-2025 қатысады
Олжас Бектенов: спорт нысандары қарапайым халыққа қолжетімді болуы керек 
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін
Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады
Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Ақтөбеде үш адам кепілге алынған үйден репортаж