Қостанайда тұрғыннан 6 млн теңге көлемінде ақша талап еткен 18 бен 20 жас аралығындағы бопсалаушылар қолға түсті.Бопсалаушылар 21 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты елеусіз сылтауды пайдалана отырып, одан 6 млн теңге көлемінде ақша қаражатын талап еткен «Күдіктілер жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстаған, сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, денсаулығына қауіп төндірген», – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.Заңсыз әрекеттер барысында бопсалаушылар 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемдене алды, дегенмен жәбірленушіге қатысты жеңіл пайда табу әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ және олар одан ақша талап етуді жалғастырды. Жәбірленуші полицияға арыз берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамауында.