Қостанайда жыл басынан бері 200-ге жуық адам иттен зардап шеккен

Елімізде қаңғыбас иттерді атуға тиым салынғалы қарғыбаусыз, көше кезген көк ит көбейген. Тіпті олардың адамдарға шабуылдауы да жиілеп кетті. Қостанай облысында былтыр 2600 адам дәрігер көмегіне жүгінсе, биыл жыл басынан бері екі жүзге тарта тұрғын зардап шеккен.Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Төрт аяқты хайуаннан төнген қауіп мамандарды қатты алаңдатып отыр. Санитарлық дәрігерлер бір жыл ішінде ит қапқан адамдар саны бірден бес жүзге артқанын айтады. Қауіпті індеттің алдын алу үшін 2 жарым мыңнан астам аймақ тұрғынына құтыру дертіне қарсы вакцина егілген екен. Гүлім ДОСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Олардың арасында 46 адам құтыру диагнозы расталған жануарлардан зардап шеккен. Жарақатталған адамдардың алпыс пайызынан астамы қала тұрғындары. 36,5 пайызы балалар мен жасөспірімдер.Жарақат алған адамдардың 50 пайызын қаңғыбас иттер тістеген 2022 жылы. Қаңғыбас иттердің қалың шоғыры қала маңындағы кенттерде көп кездеседі. Аула кезіп, көпқабатты үйлердің маңайын торлаған бұралқылар көпшіліктің бас қайғысына айналды. Жауапты мекемелер шұғыл шара қолданбайды деп шағымданады Заречный ауылының тұрғындары. БЛИЦ: - Балаларға қауіп бұл. Бір емес, бірнеше рет естіліп жатыр ондай жағдайлар.Мектеп жақын.Көктем келе жатыр.Иттердің құтыратын кезі. - Балаларымыз үшін алаңдаймыз. Олар қорқады.Үнемі қоқыс жәшігінің маңына шоғырланады. - Ит деген қаптап кетті. Қаңғыған ит. Мектепке таңертең барады, кешке әкелсек те міне осы. Бір шара неге қолданбайтындарын түсінбеймін. Облыстық ветеринария басқармасы қараусыз және қаңғыбас ит пен мысықты стерилизациялау және вакцинациялау бойынша конкурс өткізіп жатқан көрінеді. Оның қорытындысы наурыз айында белгілі болмақ. Талғат ШӘМШАДДИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Биылғы жылға облыстық бюджеттен бізге жаңағы сәйкестендіруге, ұстауға, стерилизация жасауға 86 миллион теңге бөлінді.Осы жұмысты бірінші наурыздан бастап толық облыс бойынша бастаймыз. Қомақты сомма жарты жылға қаралған. Одан кейін тағы қосымша қаражат бөлінеді. Бір итті он бес күн ұстап,чип, вакцина салып, стерилизациялау үшін 30 мың теңге жұмсалады екен. Екі аптадан кейін айтадан көшеге жіберіледі. Көп иттің мәселесі алдағы 5-6 жылда түбегейлі шешіле қоймайды дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Айымбетов Түркия чемпионатында үшінші ойын қатарынан гол соқты (видео)
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау қайта басталды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды