Қостанайда қару-жарақ дүкенінің директоры сотталды

4 адамның өмірін жалмаған жарылыс. Қостанайда қару-жарақ дүкені директорына қатысты үкім шықты. Өрт қауіпсіздігі ережесін ескермеген кәсіпкер 5 жылға сотталды.Еске салайық, былтыр қыркүйекте «Оружейная палата» дүкенінде болған жарылыстан бірнеше адам жарақат алып, 4 адам қаза тапты. Дүкен иесі Сергей Бескровныйдың өзі де жапа шекті. Жойқын жарылыстан бизнес нысандар мен тұрғындар баспанасына зақым келді. Кәсіпкер Бескровныйға «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен айып тағылды. Алайда сот барысында жарылыстан жапа шеккен адамдар дүкен директорын бас бостандығынан айырмауды сұрады. Тек шығынды өтеп беруін талап еткен еді. Талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 286 миллион теңге көлемінде шығынды өтеу міндеттелді. Анар ШАЙМУРУНОВА, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ: ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабы 3 бөлігімен Сергей Бескровныйды кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 46 баптың 5 бөлігімен жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтесін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Елімай» 81 миллионға сербиялық футболшыны алды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
«Зиял тұлға еді»: Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
ІІМ өткен жылы хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады
12 қаңтарда елдің басым бөлігінде тұман түседі
Қазақстандағы ең үлкен стадионда жөндеу жұмыстары аяқталды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Белгілі қытайтанушы Зуенко Қазақстан Президентінің жас кезіндегі фотосын жариялады
ІІМ 2024 жылы хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
Қазақстандағы ең үлкен стадион футбол ойындарын өткізуге дайын
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді