Қостанайда қоғамдық көліктердің 75 пайызы ескі

Қостанайда қоғамдық көліктердің 75 проценті тозған. Ескі автобустардың іші жазда -ыстық, қыста- суық. Тасымалдаушылар «автопаркті жаңалауға шамамыз жетпейді» дейді. Ал қала билігі түйткілді шешудің жолдарын қарастырып жатқан көрінеді. Қолайлы көлікке қостанайлықтардың қолы қашан жетеді? Сауалдың жауабын Заңғар Санай іздеді.Қазір қала көшелерінде жүрген автобустардың дені 90-шы жылдары Еуропа зауыттарынан шыққан. Ескі көліктер жиі сынады. Автопарктегі шеберлердің жұмысы- қауырт. Күн сайын бірнеше автобусты жөндеп, бөлшегін ауыстырады. Қосалқы бөлшектің құны да бір жылда екі есе қымбаттаған. Александр ВОЛКУН,ТАСЫМАЛДАУШЫ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл өткен сайын әрине, автобус ескіре береді. Біздегі 70 көліктің оны ғана- жаңа. Оның өзін 5 жылға несиеге алдық. Тағы жаңасын сатып алайық десек, табысымыз жеткіліксіз.Түйткілдің түгелі қаржыға тіреледі. Қостанайда 39 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды. Тозығы жеткен автобустар көпшіліктің көңілінен шықпайды. Бірақ басқасы болмаған соң амалсыз жүреді. БЛИЦ: - 5-ші маршрутқа мінем көбіне. Көп күтеміз. 10 минут болды күткеніме. Кейде одан да көп күтеміз. - Біріншіден көп кешігеді. Екіншіден жағымсыз иіс бар ішінде. Көбіне пеші істемейді. Суық болады. Қостанайда барлығы 250 қоғамдық көлік бар. Соның 70 пайыздан астамы әбден ескірген. Данияр СӘБИТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Биыл тасымалдаушыларды субсидиялауға 4 млдр теңге бөлінді. Соның ішінен жаңа көлік сатып алуға қажетті алғашқы жарнаның 20 пайызын төлейтін боламыз. Алдағы уақытта оның нақты тетіктерін анықтап, шешім қабылдаймыз. Әкімдік биыл 54 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Оның барлығы еліміздің зауыттарынан жеткізіледі. Қазір Қарағанды облысындағы кәсіпорынмен келіссөз жүргізіліп жатыр. Қаладағы барлық қоғамдық көліктің жартысы жаңартылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық банк 2000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарды
Kaspi.kz 48 елде QR-кодпен төлем жасау жүйесін іске қосты
Қызылордада секс-құлдыққа түскен оқушы ісі: Сот сауна әкімшісіне үкім шығарды
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін