Қостанайда коммуналдық қызметкерлер көшеден адам сүйектерін тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz.Жергілікті полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады.Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.