Қостанайда кеше кешке қатты нөсер жауынмен бірге бұршақ жауды. Көшелерді су басып, кейбір бағдаршамдар істен шыққан, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтарының Telegram-дағы ресми арнасы.Бірнеше күн ыстықтан кейін кеше кешке Қостанайда жаңбыр мен бұршақ жауды. Көшелердегі көлік қозғалысы қиындаған: яғни қала көшелерін су басып, кейбір бағдаршамдар істен шыққан."Бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты көшелерде көлік жүргізу қиынға соққан. Бірақ полицейлер жолдағы жүргізушілерді қорғау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазіргі уақытта ауа райы қалыпқа келді, полиция қызметкерлері штаттық режимде қызмет етуді жалғастыруда", – делінген ІІМ хабарламасында.