Әділетсіз өткен олимпиада.Қостанайда оқушылардың білім сайысы барысында қателік жіберілген. Кейбір оқушыға тапсырма толық берілмеген көрінеді.Соның салдарынан шәкірттің тауы шағылып, облыстық кезеңге өте алмай қалған. «Qazbilim» ұлттық лицейінің оқушысы Ақбота Мұратқызы олимпиаданың қалалық кезеңіне ағылшын тілі пәнінен қатысқан. Білімі терең, үлгерімі жақсы шәкірттің білім сайысында сағы сынып,тауы шағылды дейді ұстаздары. Оған тапсырма толық берілмеген. Гүлім ҚОНАҚБАЕВА, АҒЫЛШЫН ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМ: Барлық тапсырманы болдым, осымен тәмам деп ойлап бос отырады. Бір кезде бір оқушы сұрап қалады екен ең соңғы тапсырма бойынша басқа оқушыдан.Сол сұрақты қойған кезде Ақбота түсінеді бұдан да басқа тапсырма бар екен ғой деп. Сол тапсырманы қараса жаңағы ең соңғы беті жоқ. Олимпиаданың бітуіне отыз минут қалса да талапты оқушы талпынып, үш беттік эссе жазып шыққан. «Айлтс» бағдарламасының емтиханына дайындалып жүрген шәкірт үшін олимпиада тапсырмалары тым оңай еді. Балама жасалған қиянат басқаның алдынан шықпасын деген пейілмен қалалық білім бөліміне,республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығына шағым түсірдім, дейді Ақботаның анасы. Әсел ЕРМЕНБАЕВА, АТА-АНА: Олар өз қателіктерін мойындағаны яғни құқықбұзушылықтың болғанын мойындап отыр.Бұл жылығы олимпиада өтіп кеткеннен кейін енді баламды келесі жылғы олимпиадаға қатыстырып және болашақта басқа да балаларға мұндай кедергі болмайтындай өзінің қарамағындағы кісілерге тапсырма беріп, бәрін қадағалауды нақтылады. Қателік жіберген қалалық білім бөлімінің өкілдері кешірім сұрап, келесіде мұндай жағдай қайталанбайды деп сендірді.Олимпиада олқылықтары үшін жауапты мамандарға шара қолданылған. Марина ПОПОВА, ҚАЛАЛЫҚ «ДАРЫН» ҒПО БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұл фактіге қатысты басшының орынбасарына шара қолданылды. Және алдағы уақытта олимпиада барысы жіті бақылауда болады. Ақботаның анасы білім сайысындағы сан былықтың сап тиылғанын қалайды.Ал олимпиаданың әділетсіз өтуі өскелең ұрпақтың ой-өрісіне балта шауып,кемелді келешектің білім көкжиегіне көлеңке түсіреді. Сондықтан білім бөліміндегілер «бармақ басты, көз қыстыны» қою керек дейді.