Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Киров ауылында ірі қарадан құтырма анықталып, шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.«Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан «Олжа Ряжское» өнеркәсіп кешені Алабұға жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдан құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», – делінген Киров ауылдық округінің әкімі М. Дәулетовтің шешімінде. Қоса кетсек, бұған дейін Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалығында ірі қарадан құтырма ауруы анықталып, ол карантинге жабылған еді.