Қостанайда астыртын есірткі сатумен айналысқан екі студент сотталды. Оңай жолмен олжа тапқысы келген олар енді 10 жылын абақтының ар жағында өткізеді. Өзгелерге сабақ болсын деген мақсатпен сот университет қабырғасында өтті. Зал студент-жастарға лық толы болды. Анастасия Савостьянова мен Ангелина Антипенко төрт ай бойы есірткі сатқан. Олар синтетикалық мефедронды Петропавл қаласынан тасымалдаған көрінеді.Сөйтіп синтетикалық ұнтақтарды көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берісіне және өзге де жерлерге жасырған. Қос студент қолға түскен кезде 50 орам, жалдамалы пәтерінен 192 грамм есірткі табылған.Сот үкімімен қос студентке 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Көшербай АҚШАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Антипенко Ангелинаға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР қылмыстық кодексінің 46-шы бабы, 5-бөлігі, екінші тармағына сәйкес жазасы қылмыстық- атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтелсін.