Қостанайда су құбырын ауыстыру кезінде жұмысшылар адам сүйегін тапты. Күні кеше екі адамның мәйіті табылған болатын. Болжам бойынша ер адамның сүйегі болуы мүмкін. Себебі, жақын маңнан еркектің киімдері табылған. Барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеке тұлғаларды анықтау бойынша сараптама және тергеу жүргізілуде. Сүйектер ыдырап, тек қаңқалар қалғандықтан, бұл кем дегенде бір жарым айға созылуы мүмкін дейді полицейлер.Жасын САРДАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ОҢТҮСТІК БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ: Хабар-ошарсыз кеткен адамдар бар, егер олардың сол адамдарға қандай да бір туыстық қатынасы бар деп күдіктенсек, жақын туыстарынан биологиялық Нысандар алынады, салыстырылады, генетикалық сараптама тағайындалады және генетика нәтижелері бізге олардың туысқандары ма, жоқ па екенін көрсетеді.