Қостанайда тандыр өнімдері дайындалатын жерде газ баллоны жарылды. Өрттің алдын ала себебі-қауіпсіздік шараларын өрескел бұзу, деп атап өтті Қостанай облысы ТЖД бастығы Қайрат Қасым.Жарылыс кезінде дүңгіршекте екі адам болған. Өзбекстан азаматтары. Әйел шок күйінде. Ол аздап күйіп ауруханаға жеткізілді. "Тандыр қызметкерлері тандыр пешін қыздырып, кейін газ баллондарын әкеліп, пешке тіреп қойған. Алдымен бірінші жарылыс болды, екіншісінен кейін жас жігіттің денесін күйік шалды", - деді Қостанай облысы ТЖД бастығы Қайрат Қасым.Қасындағы ғимараттар зардап шекпеген. Өрттің салдарынан сатушының 2003 жылғы көмекшісі қатты зардап шекті. Ол 70-75 денесі күйіп ауруханаға жатқызылды.Алдын-ала мәліметтер бойынша, газ-ауа қоспасының жарылуы мүмкін. Сыйымдылығы 50 литр болатын 6 газ баллоны эвакуацияланды.