Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ғимараттарының бірінде өрт шықты. Педагогикалық институт директоры Тілеген Ахметовтың айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Студенттер мен оқытушылар дереу сыртқа шығарылған. Шағын аудиториядағы өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 20 минутта қауіптің бетін қайтарды. "Іргелі оқу ордасының іргесі 60 жыл бұрын қаланған. Электр сымдарының әбден тозығы жетіп тұр. Алдағы уақытта толық ауыстыру жұмыстары басталады",- деді директор.