20 ақпанда Қостанай облысы Антоновка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты.Өрт 30 ш.м. аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 л екі газ балонын алып шықты. Сондай-ақ 1978 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталып жатыр.