Қостанайдағы қоғамдық көліктің 72 проценті ескі

Қостанайда жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар тығырыққа тірелді. Олар ескі көлігін жаңарта алмай, ал жаңасын тіркей алмай отыр. Сондықтан шілде айында өтетін тендерлік байқаудан тыс қалуы мүмкін. Мәселе неден туындады, қоғамдық көлік түйткілін шешу жолдары бар ма? Заңғар Санай сабақтайды.Автопаркті жаңғырту мақсатында жергілікті билік арнайы бағдарлама қабылдады. Сөйтіп былтыр «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 50 жаңа автобусты маршрутқа қосқан. Алайда әлгі қоғамдық көліктер әлі күнге дейін ешкімнің балансына берілмеген. Ирина ЛАВРИЧЕНКО, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер бірінші шілдеге дейін біздің келісім-шарт ұзартылмаса, яғни жаңа автобустар бізге тиесілі деп танылмаса, техниканы алып қояды. Және бұған дейін төлеген қыруар қаражатымыз қайтарылмайды. Біз осы автобустар үшін қазірдің өзінде 200 миллион теңге төледік. Қостанайдағы 8 кәсіпорында 261 қоғамдық көлік бар. Оның 72 пайызы ескірген. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Қостанайдағы қоғамдық көліктердің дені тоқсаныншы жылдары Еуропа зауыттарынан шыққан. Ескі көліктер жиі сынады. Автопарктегі шеберлер күн сайын бірнеше автобусты жөндеп,бөлшегін ауыстырады. Қосалқы бөлшек құны да қымбат. Қостанай билігі кәспорындарға автопаркті жаңғырту керек деп шарт қойған көрінеді. Жаңа автобус алғандар бар. Бірақ шартты толық орындамағандықтан қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарт ұзартылмаса керек. Нұрдәулет БЕЙСЕНОВ, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл мәселені қалалық әкімдік қарастырып жатыр.Шешімі болады. Қостанайда қоғамдық көліктің тоқтап қалуы мүмкін емес. Қала билігі биыл тағы 54 отандық жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Техника лизингке берілмек. Жоба жүзеге асса Қостанайдағы қоғамдық көліктердің елу пайызы жаңарады дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді