Қостанайдағы кісі өліміне 5 жыл бұрын қайтыс болған адамды кінәлі деп тапқан

Осыдан 33 жыл бұрын Қостанай облысының Федоров ауданында әйел кісіні өлтіру дерегі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.Кейіннен қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмағандықтан, іс архивке өткізілген. 2022 жылы, яғни 32 жылдан кейін аудан полициясы кісі өлтірушіні анықтау және тергеуді аяқтау туралы баяндаған. Өз еркімен кінәсін мойындау негізінде Ж деген азамат кінәлі деп танылған. Бұл ретте, кісі өлтіру ісі күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылған. «Алайда прокуратура анықтағандай, Ж кінәлі болып танылғаннан 5 жыл бұрын қайтыс болған. Басқаша айтқанда, ол кінәсін мойындау туралы жазбаған, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген. Осылайша, полиция қызметкерлері қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзған», - деп жазды ведомстводан. Прокуратура Ж-ны кінәлі деп тану туралы барлық процестік шешімдердің күшін жойды. Тергеп-тексеруді ұйымдастыру басқа органға жүктелді. Кінәлі қызметкерлерге қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді. Осы мән-жайларды анықтау үшін Бас прокуратура қызметкерлеріне өңірге барудың қажеттілігі туындамады. Электрондық форматтағы іс ақпараттық жүйелер арқылы онлайн-режимде зерделенді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады