Қостанайдағы резиденция емге мұқтаж балаларға арналған Реабилитациялық орталық болады

Жұмыс тобының шешімімен аймақтық резиденцияны психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған Реабилитациялық орталыққа бейімдеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақтық резиденцияның алдағы уақыттағы қызметін айқындау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, қоғам өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірқатар ұсыныс, тілектері тыңдалды. Жұмыс тобының шешімімен аймақтық резиденцияны психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған Реабилитациялық орталыққа бейімдеу туралы шешім қабылданды. Жаңа орталықта емге мұқтаж балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіліп, емдік бағыттағы әлеуметтік реабилитациялық жұмыстар атқарылатын болады. Ем-шара қабылдау мерзімі 14 тәуліктен 21 күнге дейін ұзартылады, делінген хабарламада. Халықты әлеуметтік қорғау бағытына сәйкес, бұған дейін мүгедектігі бар балаларға Қостанай облыстық реабилитациялық орталығында сауықтыру жұмыстары жүргізіліп келген болатын. Нақты балаларға арналған бөлімше 2021 жылдың қыркүйегінде ашылды. 2022 жылы бұл арада 191 бала 14 күндік ем қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Жалпы облыс бойынша психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған, тірек-қимыл қозғалысына зақым келген екі мыңға жуық бала бар. Жаңадан құрылатын Реабилитациялық орталық жыл сайын осындай дертке шалдыққан 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 900 баланы емдеуге, реабилитациялық қолдау көрсетуге мүмкіндік бермек. Аталған орталықта логопод, дефектолог, реабилитолог сондай-ақ денені уқалау, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу іспетті қызметтер көрсетіледі. Резиденцияны реабилитациялық орталыққа айналдыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылады. Бөлінген қаражатқа ғимаратты мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімдеу, реабилитациялық құрал-жадықтармен қамтамасыз ету іспетті жұмыстар атқарылады. Биыл ғимаратты қайта жабдықтау үшін жобалау-сметалық құжаттарға тапсырыс беріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары да ертерек басталатын болады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті
"Барыс" тұңғыш рет тарихи турнирге қатысады
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты