Сайлау басталысымен Қостанайда қоғамдық зерттеу институтының өкілдері экзитпол өткізуде. Интервьюерлер кешке дейін төрт кезеңдік сауалнама жүргізеді. Олар дауыс беріп шыққан адамдарға белгіленген сұрақтар қойып, жауабын жазып отырады. Әзірге орта жастағы сайлаушылар көбірек келген көрінеді. Қала тұрғындарының саяси науқанға түске қарай белсенді атсалыса басталғаны байқалды, - дейді ғылыми-зерттеу ассоциациясы институының өкілдері.Анель МУСРАЛИНОВА, ИНТЕРВЬЮЕР: Сауалнама таңғы жетіден басталды. Сайлаушылардың белсенділігі түске қарай байқалды. Біз бүгін төрт кезеңдік сауалнама жүргіземіз. Әр интервьюер қырық адамнан сауалнама жауабын алу керек.