Қостанайлықтарға бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады

Су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтарға бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.«Су тасқыны жағдайы тұрақты мониторингте тұр. «Қаратомар» су қоймасынан су ағызу секундына 900 текше метрге дейін төмендетілді. Сондай-ақ су ағыны секундына 1 382,5 текше метрге дейін азайғаны байқалады. Еріген қар суы басқан аймақтардан 9 099 адам эвакуацияланды. Сонымен бірге бүгінде Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үйлеріне оралуда. Торғай ауылындағы эвакуациялық пункттерде тұрған барлығы 600-ден астам ауылдарына оралды. Мұндағы барлық эвакуациялық пункт жабылды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның дерегінше, су тасқыны орын алған сәттен бері облыста 850 мың текше метр су сорылды. 98 мыңнан астам құм салынған қап төселді. 7,5 мың тоннадан астам инертті материалдар салынды. 423 техника, 136 мотопомпа, 27 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылған. Халық азық-түлікпен, дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген. «Су тасқынан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсету жұмыс жалғасып жатыр. Бірреттік әлеуметтік төлем беру басталды. Сонымен қатар демеушілік және гуманитарлық көмектер көрсетіліп жатыр. Бүгінде 686 отбасыға 126,6 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді», - деді Арман Әбенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз өз-өзін атып өлтірді
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“
24 қараша - әскери-ғылыми қызметкер және педагог күні
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті