29 қазан күнгі сағат 09:00-ге келіп түскен ақпарат бойынша Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті.Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда. “Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда”, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.