Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 9 адам күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.«Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды қызметкері күдікті ретінде танылып, қамауға алынды», - деліген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.