2025 жылдан бастап қосылған құн салығы 4 пайыздық тармаққа көтеріледі. Жаңашылдық салық төлеушілердің 6 пайызынан азына ғана қатысты болмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Ал ол инфляцияға қалай әсер етеді? Онсыз да бағасы шарықтап тұрған азақ-түлік тағы қымбаттай ма? Тілшіміз айтады. Елімізде жұмыртқа, нан, жарма, қант, тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өскен. Әлеуметтік маңызды деп табылатын бұл өнімдердің қымбаттауы халықтың қалтасына салмақ салып тұр. Енді көпшіліктің көкейінде құн салығының артуы бағаға әсер етпей ме деген сауал бар. Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Құн салығын көтеру 2025 жылдан бастап қолға алынбақ. Ірі сауда орындарында, базарларда сауда жасайтындардың көбі қосылған құн салығын төлемейді. Ол орындарда қосылған құн салығын төлейтіндер 60 процентті құрайды. Олардың 40 проценті түрлі жеңілдіктер арқылы төлемнен босатылады. Яғни, арнайы салықтық режимге енгендер қосылған құн салығын төлемейді. Бұл әсіресе азық-түлік нарығына жақсы әсер етеді. Қорыта келгенде қосылған құн салығының өсуі азық-түлік бағасына әсер етпейді. Халықтың күнделікті тұтынатын өнімдерінің бағасы ай емес, апта сайын өсіп барады. Базар бағасын бұқара халықтан басқа ешкім аңғарармайтын секілді. Халық тапқан табысы апталық қана азыққа жетінінін айтады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -Капуста сәл қымбаттау, қалғаны жақсы. Чеснок қымбат бізде, өте қымбат чеснок. Халықтың жейтіні чеснок, пияз, как раз уже салатқа керек. -Барлық азық түлік қымбаттап кетті ғой қазір, барлығы. Шемішке май да қымбаттап жатыр, ұн да қымбаттап жатыр, жұмыртқа қымбаттап жатыр. -Нанның бағасы қанша? Алдыңғы жылы 100 теңге ма еді, қазір барсаң 180 теңге, кейбір жерлерде 200 теңге болып тұр. -Кем дегенде 20 мың кетті міне. Бұл қанша күнге жетеді?Енді бір аптаға жетед. Қатты қымбат болғаны соншалықты кей кезде жетпей қалады алып жатқан айлығымыз. Қымбатшылық дендеп бара жатқанда ішкі нарықты көкөніспен қамтамасыз етіп отырған жылыжайлар жұмысы құлдырап барады. Елімізде 1,2 мың гектар жылыжай кешені болса, олардың 80 проценті Түркістан обылысында. Алайда өңірде соңғы екі жылда жылыжай саласы тұралаған. Айдарбек ҚОЖАНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Шаруалар жылыжайларды бұзып, қаңқасын темір-терсекке өткізіп жатыр. Себебі шоғырланған мәселелерін шешуде Үкімет тек уәде берумен шектеліп отыр. Аграрлық несие корпорациясы тарапынан фермерлік жылыжайларды арнайы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы әліде әзірленбеген. Шаруалар кәсібін жүргізуге микроқаржы ұйымдарынан 45 пайызбен несие алуға мәжбүр. Осы уақытта шаруалардың жартысы несиесін жаба алмай банкрот жағдайға жетті. Қазір жұрттың айлығы шайлығынан ауыспайды. Тапқан табысы азық-түліктен артылмай, кейде оның өзі жетпей қалатынын айтқан халық алдағы уақытта қалай күн көреміз деп алаңдайды.