Қосымша құн салығы үшін өтемақы төленетіні рас па?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша құн салығы үшін өтемақы төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Желіде ҚҚС үшін өтемақы төлем енгізілгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін сілтемеге өту ұсынылған."Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - делінген жауапта. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғындардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұрады. Еске салайық, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ауыл аманаты»: БҚО-да бағдарлама аясында қанша жұмыс орны ашылды
Қазақстанда қандай пойыздарда әйелдерге арналған вагондар бар?
Басты проблема – баспана
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады